Елімізде қанша қайырымдылық ұйымы тіркелген

5 Қыркүйек 2024, 13:50
440
Бөлісу:
Елімізде қанша қайырымдылық ұйымы тіркелген
Фото: Артём Чурсинов -архив

Жыл сайын 5 қыркүйекте Халықаралық қайырымдылық күні атап өтіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2022 жылы қайырымдылық мәдениетін қолдауға арналған «Қайырымдылық туралы» заңға өзгерістер енгізілді.

20-дан астам мемлекеттік меншік нысаны қайырымдылық ұйымдарына берілді. 
Елімізде 1 371 қайырымдылық ұйымы тіркелген (2021 — 512, 2022 — 842, 2023 — 1 055). 
Қазақстанда 740 волонтерлік ұйым және 1800 бастамашыл топ жұмыс істейді. 
Соңғы жылдары 12 мыңнан астам ірі қайырымдылық акция өткізілді. 
27 %-дан астам қазақстандық қайырымдылық жасайды. 
2023 жылы 1 миллион адамға көмек көрсетілді.

2015 жылдан бастап «Шапағат» медалімен 250-ден астам азамат марапатталды. 

Өзгелердің жаңалығы