Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Coronavirus2020.kz сайтында 2020 жылғы 18 қыркүйекте тіркелген коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония бойынша ақпарат жарияланды.
Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 242 жағдайы және 2 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 55 адам емделіп шықты, - делінген хабарламада.
1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 30579, 337 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 26533 жетті.