Елімізде Pfizer вакциналары өндірілетін болады

23 Ақпан 2023, 14:35
1003
Бөлісу:
Елімізде Pfizer вакциналары өндірілетін болады
Фото: BAQ.KZ

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Пфайзер компаниясының өкілдерімен кездесті. Онда ҚР аумағында вакциналар өндіру саласындағы жобаларды бірлесіп іске асыру мәселелері талқыланды,деп хабарлайды BAQ.KZ министрлік сайтына сілтеме жасап.

Өңірлік директор Пфайзер Озгур Язиюртпен әңгімелесу барысында ведомство басшысы фармацевтика өнеркәсібін дамытуға және әріптестік қатынастарды тереңдетуге бағытталған бастамасы үшін ризашылығын білдірді.

Біз американдық технологиялардың трансфертін, оның ішінде ҚР денсаулық сақтау жүйесін дамытуға белсенді үлес қоса отырып, ауруларды диагностикалау мен емдеудің заманауи әдістерін енгізуге бағытталған жобаларды бірлесіп іске асыруды құптаймыз. Біздің ынтымақтастығымыздың келесі маңызды кезеңі Қазақстанда Pfizer компаниясының Превенар 20 вакцинасының жаңа буынын өндіруді орнықтыру болады, - деп атап өтті А.Ғиният.

Бұдан әрі кездесу барысында нормативтік базаны жетілдіру және Қазақстанда фармацевтика өндірісін орнықтыру жөніндегі жобаларды іске асыру үшін қолайлы инвестициялық ахуал құру мәселелері көтерілді.

Тараптар өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүдделілік білдірді.

Өзгелердің жаңалығы