Денсаулық сақтау министрлігі өткен тәулікте Қазақстанда 85 адамның коронавирус жұқтырғанын анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
29 қарашадағы мәлімет бойынша елімізде 987 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр. Олардың ішінде 161 пациент стационарда, 826 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ-ге шалдыққандардың арасында 8 сырқаттың жағдайы ауыр, 2 пациенттің ахуалы өте ауыр, 1 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр, - деп жазды ведомстводан.