Денсаулық сақтау министрлігі ҚР-да коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2023 жылғы 25 ақпандағы ақпаратты ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ведомство мәліметі бойынша, 1 670 адам коронавирус инфекциясынан (–1 506+ және 164 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 107 пациент стационарда, 1 563 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
Сонымен қатар бүгін 91 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 3 адамның жағдайы ауыр,
• 4 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 1 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.