Елімізде КВИ мен пневмонияға шалдыққан 717 науқастың жағдайы ауыр

8 Қазан 2021, 08:23
19290
Бөлісу:
Елімізде КВИ мен пневмонияға шалдыққан 717 науқастың жағдайы ауыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР-да коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2021 жылғы 8 қазандағы ақпарат жария етілді.

Бұл туралы ҚР ДСМ хабарлады.

8 қазандағы мәлімет бойынша 54 850 адам коронавирус инфекциясынан (47 407 КВИ+ және 7 443 КВИ-) емделуде, олардың ішінде:

- 9 469 пациент стационарда,

- 45 381 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

Елімізде КВИ мен пневмонияға шалдыққан 717 науқастың жағдайы ауыр

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

- 717 адамның жағдайы ауыр,

- 207 пациенттің жағдайы өте ауыр,

- 136 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр, 

- 43 науқас індеттен көз жұмды.

Өзгелердің жаңалығы