Елімізде күн сайын 23 мың адам вакцина алады

18 Наурыз 2022, 16:18
1199
Бөлісу:
Елімізде күн сайын 23 мың адам вакцина алады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният хабарлады. 

Оның айтуынша, коронавирус инфекциясына қарсы халықты вакцинациялау мен ревакцинациялау жалғасуда.

Бүгінгі күні вакцинациялауға жататын ересек халықтың 83%-ы немесе республика халқының 54%-ы, оның ішінде бірінші компонентпен 80%-ы және екінші компонентпен 52%-ы қамтылған. Нақтырақ айтсақ, 1-компонентпен 10,3  миллионнан астам адам егілді. Екінші компонентпен 9,8 миллионнан астам адам, оның ішінде «Pfizer» вакцинасымен – 1-компонентпен 918 мың, екінші компонентпен 733 мың адам қамтылды, - деп атап өтті ведомство басшысы. 

Сондай-ақ министрдің мәліметінше, қайта вакцинациялауға жататын адамдардың 55,0%-ы үшінші рет екпе алған. Ал қайта вакцинациялануы тиіс 5,6 млн адамның 3,0 млн-ы ревакцинациядан өтті деп отыр. 

 Күн сайын тәулігіне шамамен 23 000 адам егіледі. 27 000-ға  жуық адамға қайта вакцинациялануда. Өңірлерде вакцинациялаумен қамту үшін 4,8 млн астам вакцина дозасы бар, - деді Ажар Ғиният. 

Өзгелердің жаңалығы