Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР ДСМ баспасөз қызметі 14 тамыздағы жағдай бойынша коронавирустық инфекциямен ауырғандарға қатысты ақпаратты жариялады.
Ведомство мәліметінше, қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 21 859 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 104 өскіншек бала бар. Стационарларда 3 738 науқас жатыр. 18 121 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
Жалпы науқастардың арасында 420 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 103 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 80 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр. 21 науқас қайтыс болды, - делінген хабарламада.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бұдан былай тәуліктік нәтижелер туралы ақпаратты күн сайын үнемі үзбей жариялап отырады. Барлық мәлімет ресми сайтта және ведмостваның әлеуметтік желілердегі парақшалары арқылы таратылады. Атап айтқанда, науқастардың жалпы саны жөнінде, қайтыс болу деректері туралы және де қоғам үшін маңызды ахуалдың барлығы ресми ақпарат тарату көздерінде жедел жарияланып тұрады. Ал, аймақтардағы ахуал туралы ақпаратты апта сайын Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі арнайы брифингте хабарлап тұрады.