Елімізде коронавирус жұқтырушылар саны 3 есе азайған

10 Қараша 2021, 10:33
679
Бөлісу:
Елімізде коронавирус жұқтырушылар саны 3 есе азайған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой хабарлады. Оның айтуынша, әлем бойынша індеттен 5 миллионнан астам адам қайтыс болды.

Сондай-ақ тәулігіне 400 мыңнан астам жағдай тіркеледі. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропа өңірінің деректері бойынша соңғы екі аптада 54 елдің 40-да сырқаттанудың өсуі байқалады.

Соңғы 14 күнде сырқаттану деңгейі Мажарстанда барынша ұлғайған. Мажарстанда ауру 180%-дан артық, Польшада – 150%-дан артық, Аустрияда – 120%-дан артық, Германияда 90%-ға артық өскен.

Сырқаттанудың өсуі Еуропаның 14 елінде төмендеді. Оның ішінде Израильде 54%-ға, Түркияда 7%-ға және Испанияда 15%-ға кеміген. Қазақстанда соңғы екі аптада ауру 3%-ға төмендеді. Әлемдік рейтингке сәйкес 222 елдің ішінде Қазақстан сырқаттану көрсеткіші бойынша 105-орында, өлім көрсеткіші бойынша 101-орында тұр. Соңғы үш айда вирус жұқтырған науқастар саны 2,3 есеге азайды, - деді ведомство басшысы.

Еске сала кетейік, бұған дейін ревакцинация ең бірінші кімдерге салынатыны туралы жазған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы