Қазақстанда көпбалалы отбасылар табысын салықтан босатуға мүмкіндік алады. Жаңа өзгерістер биылдан бастап күшіне еніп отыр деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Uchet.kz сайтының мәліметінше, 2025 жылдан бастап Қазақстанда көпбалалы отбасылардың табысын салықтан босатуға мүмкіндік беретін жаңа жеңілдіктер күшіне енді. Жеңілдіктер ата-аналардың екеуіне де қолжетімді, алайда шегерім 282 айлық есептік көрсеткіштен (1 108 824 теңге) аспауы шарт.
Мәселен, бір ата-анаға ай сайын 23 АЕК (90 436 теңге), ал екеуіне 12 АЕК-тен (47 184 теңге) жеңілдік қарастырылған. Бұл төрт немесе одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар отбасыларға арналған.
Салық кодексінің 342-бабына сәйкес, жаңа шегерімдер міндетті зейнетақы аударымдары, әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналары және басқа да жеңілдіктермен бірге қолданылуы мүмкін. Жалпы, шегерімдердің сомасы жылына 564 АЕК-ке дейін (2 217 648 теңге) жетуі ықтимал.