Елімізде көмірді экспорттауға тыйым салынды

Бүгіннен бастап көмірді экспорттауға уақытша тыйым салынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

26 Мамыр 2023 2023, 12:43
АВТОР
 pixabay.com 26 Мамыр 2023 2023, 12:43
26 Мамыр 2023 2023, 12:43
967
Фото: pixabay.com

Бүгіннен бастап көмірді экспорттауға уақытша тыйым салынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі бұл шектеу автокөлікпен тасымалданатын шикізатқа ғана қатысты екенін айтады.

Мерзімі - 6 ай. Халыққа және коммуналдық нысандарға қажетті отын көрші елдерге көлікпен саудаланып жатқандықтан ведомство осындай шараға баруға мәжбүр.

Ал теміржол арқылы көмірді эскпорттауға еш кедергі жоқ.

Әлеуметтік көмір дейміз ғой. Сол әлеуметтік көмірдің қаншасы жаңағыдай жолмен сыртқа шықса, сонша мөлшері елімізде қалады деген сөз. Яғни, шекаралас мемлекеттегі елді мекендерде орналасқан өзіміздің отандастарымыз бәрі қажетті көмірмен қамтамасыз етіледі, - дейді ИИДМ индустриялық даму комитетінің көмiр өнеркәсiбi басқармасының басшысы Жанат Игісінов.

Наверх