Бұл жайлы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Денсаулық сақтау министрлігінің санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Зауре Ахметова мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Елімізде биылғы жылдың сәуір айынан бастап Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының 16 жағдайы тіркелген.
Осы жылдың 6 айында халық арасында 23 нозология, оның ішінде тырысқақ, күйдіргі, іш сүзегі, сіреспе, дифтерия, құтыру аурулары тіркелген жоқ. Былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 26 инфекциялық аурумен сырқаттану төмендеді. Республиканың 4 өңірінде - Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстары мен Шымкент қаласының аумағында Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының табиғи ошақтары бар. Жыл сайын өңірлердің әкімдіктері мен аумақтық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменттері Конго-Қырым геморрагиялық қызбасымен сырқаттанудың алдын алу мақсатында көктемде кенеге қарсы іс-шаралар өткізеді,-деді ол.
Соңғы 6 айдың қорытындысы бойынша өткен жылмен салыстырғанда тұрғындардың КҚГҚ-мен сырқаттануы 43%-ға төмендеген.