Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы орталық коммуникациялар алаңындағы брифингте Экология министрлігінің басшысы Серікқали Брекешев хабарлады.
2019 жылғы киіктер саны 334 мың болса, соңғы 2 жылда 2,5 есе өсіп, олардың саны бүгінде киіктер 842 мыңға жетті.
Браконьерлікпен күрес мақсатында ІІМ және ҰҚК-мен бірлесіп Ақбөкен» табиғатты қорғау акциясы өткізілуде, осылайша киіктер мен басқа да жабайы жануарларды браконьерлікпен аулайтын бірқатар қылмыстық топтардың қызметінің жолы кесілді, -деді министр.
Брекешев 2021 жылғы қыркүйекте Ресей Федерациясымен киіктің трансшекаралық популяциясын қорғау, өсімін молайту және пайдалану жөніндегі келісімге қол қойылғанын атап өтті.
Бүгінде Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі киіктердің Орал популяциясын сақтау және басқару мақсатында «Бөкейорда» мемлекеттік табиғи резерваты мен Ащыөзек мемлекеттік табиғи резерватын құру бойынша жұмыс жүргізуде, - деді С.Брекешев.