Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз орталығында өткен брифинг барысында Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев хабарлады.
Оның айтуынша биыл 1 шілдедегі жағдай бойынша елімізде шамамен 1 млн 200 мыңға жуық жеке кәсіпкер тіркелген.
Жеке кәсіпкерлерден түсетін салық түсімдері 2019 жылы 150 млрд теңгені, 2020 жылы – 185 млрд теңгені құрады. 2021 жылдың 8 айында түсімдер 76 млрд теңге болды, - деп атап өтті Ерұлан Жамаубаев.
Сондай-ақ 3 жылдық мораторий аясында бюджетке 380 млрд теңгеден астам қаржы түспейтіні белгілі болған.
Еске сала кетейік, бұған дейін елімізде бизнеске еңбекақы төлеу қорына жүктеме азайтылатыны туралы жазған болатынбыз.