Елімізде интернет қалпына келтіріледі - Абаев

7 Қаңтар 2022, 11:39
1124
Бөлісу:
Елімізде интернет қалпына келтіріледі - Абаев
Фото: BAQ.KZ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елімізде интернет қалпына келтіріледі. Бұл туралы Президент Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев Хабар 24 арнасындағы эфир кезінде мәлімдеді.

Бүгінгі таңда қазақстандықтардың басым көпшілігінің Алматы қаласында, сондай-ақ еліміздің бірқатар өңірінде болып жатқан оқиғаларға аса қатты алаңдаулы екенін жақсы түсінеміз. Бүгінде қоғам көптеген сұраққа жауап алғысы келеді. Өкінішке қарай, біз дәл қазір оқиғалардың толық бейнесін бере алмаймыз. Ақпараттың басым бөлігі сәйкестендіру, нақтылау және тексеру кезеңінде, - деді ол.

Тергеу органдарының барлық дерегі бойынша халық жедел хабар таратылып отырады.

Еліміздің барлық аймағында интернет-байланыстың жұмысын қалпына келтіреміз, - деп айтты Дәурен Абаев.

Өзгелердің жаңалығы