Елімізде індет жұқтырған тағы 6 адам тіркелді

11 Сәуір 2020, 23:01
1624
Бөлісу:
Елімізде індет жұқтырған тағы 6 адам тіркелді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавирус індетін жұқтырған тағы 6 адам тiркелді. Бұл туралы коронавирус індетінің еліміздегі ресми ақпарат көзі хабарлады.

Олар, Алматы облысында - 1 адам, Батыс Қазақстан облысында - 1 адам, Қарағанды облысында - 1 адам, Шымкент қаласында - 2 адам, Түркістан облысында - 1 адам.

Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 231 адам, Алматы қаласында – 137 адам, Қарағанды облысында - 63 адам, Ақмола облысында - 61 адам, Атырау облысында - 59 адам, Жамбыл облысында - 46 адам, Шымкент қаласында - 35 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 6 адам, Алматы облысында - 11 адам, Ақтөбе облысында - 11 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 25 адам, Павлодар облысында - 9 адам, Маңғыстау облысында - 9 адам, Қызылорда облысында - 116 адам, Батыс Қазақстан облысында - 7 адам, Түркістан облысында - 36 адам, Қостанай облысында - 3 адам, жалпы 865 науқас тіркелді.

Қазіргі сәтте қатерлі індеттен жазылып шыққандар саны - 81 адам, көз жұмғандар саны - 10 адам.

Өзгелердің жаңалығы