Елімізде голливудтық фильмдерді прокаттау мәселесі шешіледі – министрлік

11 Наурыз 2022, 11:05
1435
Бөлісу:
Елімізде голливудтық фильмдерді прокаттау мәселесі шешіледі – министрлік

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 10 наурызда ҚР Мәдениет және спорт министрлігінде Дәурен Абаевтың төрағалығымен еліміздегі киноиндустрияны дамыту мәселелеріне арналған кеңес өтті. Оған кинопрокат нарығында танылған отандық компаниялардың басшылары қатысты, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта шетелдік компаниялармен барлық қажетті келіссөздер жүргізіліп жатыр.

Атап айтқанда, Голливудтың үш студиясы - Universal Pictures, Warner Bros. және Paramount Pictures-бұрын бекітілген кестеге сәйкес қазақстандық көрермендерге өз картиналарын ұсынуды жалғастырады.

Walt Disney Company және Sony компанияларымен отандық кинопрокатшылар ҚР МСМ қатысуымен тікелей келіссөздер жүргізуде. Тиісті келісімдерге қол жеткізу үшін айтарлықтай кедергілер жоқ.

Келіссөздер нәтижесі мен қазақстандық кинотеатрлардың одан әрі жұмысының басқа да егжей-тегжейі туралы қосымша хабарланады.

Өзгелердің жаңалығы