Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Азық-түлік өнімдерінің өндірісі биыл 3,6%-ға өсіп, 1,7 трлн теңгені құрады. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Министрліктің мәліметінше, осы жылдың 11 айында ет өндірісі 5,8%-ға, сүт өндірісі 7,1%-ға ұлғайды.
Сонымен қатар өндірістің келесі бағыттары бойынша:
- өңделген күріш – 23,5%-ға;
- сары май – 21,5%-ға;
- шұжық өнімдері – 11,8%-ға;
- макарон өнімдері – 8,1%-ға;
- сүт өнімдері – 4,4%-ға;
- ірімшік және сүзбе – 3,3%-ға;
- ұн – 2,8%-ға;
- жармалар – 2,1%-ға өсуі байқалады.
Азық-түлік тауарларының барлық негізгі түрлері бойынша қамтамасыз ету 80 және одан да көп пайызды, ал кейбір түрлері бойынша 100-ден астам пайызды құрады.
Биыл өткен жылмен салыстырғанда:
- күнбағыс майы – 19,5%-ға (92%-дан 112,4%-ға дейін);
- макарон бойынша – 8,2%-ға (108,9%-дан 117,1%-ға дейін);
- ұн бойынша – 4,9%-ға (188,5%-дан 193,4%-ға дейін);
- сиыр еті бойынша – 0,9%-ға (95,7%-дан 96,8%-ға дейін);
- күріш бойынша – 0,3%-ға (98,3%-дан 98,6%-ға дейін) өсуі байқалады.
Азық-түлік өнімдері өндірісінің өсуі бірінші кезекте АӨК-ті мемлекеттік қолдаудың артуымен және Президенттің жыл басында ҚР АШМ алдына қойылған импортты алмастыру, сондай-ақ, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы тапсырмаларын іске асырумен байланысты.