Қазақстанда экспортталатын тауар 6%, импортталатын тауар 3,3% қымбаттады

13 Шілде 2019, 08:45
2334
Бөлісу:
Қазақстанда экспортталатын тауар 6%, импортталатын тауар 3,3% қымбаттады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Биыл бес айда (2019 жылғы мамыр - 2018 жылғы желтоқсан аралығы) экспортталатын тауар бағасы – 6%, импортталатын тауар бағасы 3,3% қымбаттады, деп хабарлайды ҚР Ұлттық экономика министрлігі статистика комитетінің баспасөз қызметі.

Өткен кезеңде экспорттық жеткізілімдер бағасы түсті және қара металл кендеріне – 35%, көмірге – 21,4%, мырышқа – 11,9%, мұнайға – 11,8%, порландцементке – 7,4%, мысқа – 6,5%, қорғасынға 2,3% жоғарылады, ферроқорытпаларға – 12,7%, қара метал илегіне 1,9% төмендеді. Бағаның бидайға – 18,9%, күрішке – 7,7%, мақтаға – 4%, жүнге 1,7% жоғарылауы тіркелді.
Импортталатын өнімдерден көкөністер – 41,1%, шұжық өнімдері – 7,8%, балық – 7,6%, сүт өнімдері – 5%, кофе – 4,2%, құс еті – 2,9%, маргарин – 1,9%, шай – 1,2%, өсімдік майы 1,1% қымбаттады, темекі – 1,2%, қант 1% арзандады. Баға пластмассаға – 5,3%, сүрекке – 5,1%, құрылыс материалдарға – 3,9%, қағазға 3,2% жоғарылады, былғарыға – 1,8%, бояулар мен лактарға 1,2% арзандады

.

 


Өзгелердің жаңалығы