Бұл сұраққа сенат кулуарында Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Вице-министрдің айтуынша, нақты қай орын екені анықталмаған.
Ол Маңғыстау облысы бола ма, әлде басқа аймақ па – әзірге айта алмаймыз. Елімізде бұл жүйені дамытуға болатын және қажет болатын бірнеше орын бар екенін тарихи тұрғыдан ғана түсінеміз. Маңғыстау облысында атом электр станциясы болды, ал Курчатовта ядролық орталықтың әлеуеті зор еді. Сондықтан қазір талқыланып жатыр, бірақ әлі нақты шешім жоқ. Барлық аспектілер – экономикалық та, энергетикалық та, тұрғындардың тілегі де ескерілетін болады,- деді ол.
Айта кетейік, АЭС-ті кім салатыны биыл нақты белгілі болатыны туралы жазғанбыз.