Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Елімізде егін жинау науқаны аяқталуға жақын: 26,3 млн тонна астық бастырылды

21 Қазан 2025, 08:26
329
Бөлісу:
 pixabay.com
Фото: pixabay.com

Елімізде егін жинау науқаны аяқталуға жақындады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың болжамды жинау алаңы 16 млн гектардан асады. Бүгінгі таңда 15,7 млн гектар немесе жалпы егіс алқаптарының 97,9%-ы жиналды. Нәтижесінде 26,3 млн тонна астық бастырылды.

Дәнді дақылдардан бөлек:

  • ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер 3 млн тонна майлы дақыл,
  • гектарына 225,3 центнер өнімділікпен 2,9 млн тонна картоп,
  • гектарына 305,1 центнер өнімділікпен 3,9 млн тонна көкөніс жинады.

Атап айтқанда,

  • 331,7 ц/га өнімділікпен 492,4 мың тонна қырыққабат,
  • 430 ц/га өнімділікпен 1047,7 мың тонна пияз,
  • 296,4 ц/га өнімділікпен 380,7 мың тонна сәбіз жиналды.

Ауыл шаруашылығы министрлігі егін жинау науқаны ұйымдасқан түрде, агротехникалық талаптарға сай мерзімде өтіп жатқанын атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы