Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі дін істері комитетінің төрағасы Ержан Нүкежанов мәлім етті.
Оның мәлімдеуінше, комитет теріс ағымдағы діни көзқарастардың алдын алу үшін медиа саласында жұмыс істейтін мамандарды даярлау үстінде.
Біз «SmartMedia» атты арнайы жоспар құрдық. Қазіргі таңда 300 астам маман біліктіліктерін арттырып отыр. Сонымен қатар біз өзімізде қосымша ақпараттар жариялап отырмыз, -дейді ол.
Ол дін саласындағы бірегей мәселелердің барын атап өтті.
Мәселен, былтыр 26 мың материал жарияласақ, биыл 62 мынан астам ақпарат тараттық. Бұл ақпараттық саладағы нәтижеміз. Деген дін саласында түйткілді мәселелер бар. Ондай мәселенің бірі теолог және дінтану секілді мамандарды даярлау. Бүгінде проблема өз шешімін тауып келеді. Оған мысал, жыл сайын еліміздің университеттерінде 500 –ге тарта «исламтану», «дінтану» мамандықтары бойынша түлектер оқуын аяқтауда, -деді дін істер комитетінің торағасы.
Оның айтуынша, қазіргі таңда жастармен тыңғылықты жұмыстар жүргізілуде. Олардың ой-пікірлері мен идеяларын іске асыратын орталықтар да ашылған.
Біз жастармен де жұмыс жүргізіп отырмыз. Жас магистр мамандардың ойын ортаға салып, талқылауға арналған жобалар әзірледік . Осыған орай «Wzclub » атты диалог алаңын аштық. Алаңда әртүрлі сыни пікірлер болсын, өз біліктілігін ортаға салуға мүмкіндік беріп отырмыз. Сонымен қатар біз «Instagramm» және« Facebook» парақшаларында да жұмыс істеудеміз. Комитет тарапынан «Халыққа қызмет-маңызды міндет» жобасын енгіздік. Бұл жерде қандай да бір сұрақ мазалаған жағдайда біз жауап беруге дайынбыз, -деді Ержан Нүкежанов.