Елімізде дербес деректердің ұрлану фактілері 76%-ке артты

14 Тамыз 2024, 19:10
410
Бөлісу:
Елімізде дербес деректердің ұрлану фактілері 76%-ке артты
Фото: Polisia.kz

Елімізде жыл басынан бері дербес деректерге қол сұғу фактісі бойынша 65 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді, деп хабарлайды BAQ.KZ 24kz сілтеме жасап.

Дерек былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 76%-ке көп.

Бұл ретте 61 адам 10,1 млн теңге көлемінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ал дәл осы қаңтар-шілде айлары аралығында 49 қылмыстық құқықбұзушылық тіркелді.

Бұл былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 20%-ке артық. Аталған қылмыс бойынша 11 адам жауапқа тартылды. Олардың дені жұмыссыздар.

2024 жыл қаңтар-шілде Әкімшілік құқықбұзушылық – 65 адам

Жауапқа тартылды – 61 адам

Айыппұл салынды – ₸10,1 млн

Өндірілді – ₸8,1 млн

Қылмыстық құқық бұзушылық – 49

Жауапқа тартылды – 11 адам

Дербес деректерге қол сұғу көбінесе цифрлық кеңістікте кездеседі.

Сондықтан жеке мәліметтерді қорғау үшін халықтың цифрлық сауаттылығы өте маңызды.

Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша елде ғаламтордағы білім деңгейі 86,3%-тен 88,3%--ке артқан.

Өңірлер бойынша ең жоғары деңгей елордада байқалады.

Көрсеткіш – 95,1%. Ал екінші орында 92,9%-пен Алматы қаласы тұр.

Үшінші сатыда Түркістан облысы. Өңірдегі деңгей – 92,8%.

Ең төмен көрсеткіш 78,7%-пен Солтүстік Қазақстан облысында байқалады.

Одан кейінгі орында Батыс және Шығыс Қазақстан облыстары тұр.

Цифрлық сауаттылық деңгейі – 88,3%

Ең жоғары көрсеткіш: Астана – 95,1%

Алматы – 92,9%,

Түркістан – 92,8%

Ең төменгі көрсеткіш: Солтүстік Қазақстан – 78,7%

Батыс Қазақстан – 82,5%

Шығыс Қазақстан – 82,6%

Өзгелердің жаңалығы