Елімізде COVID-19-дан 6, пневмониядан 3 адам көз жұмды

2 Қыркүйек 2020, 09:10
1151
Бөлісу:
Елімізде COVID-19-дан 6, пневмониядан 3 адам көз жұмды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР ДСМ баспасөз қызметі 2 қыркүйектегі коронавирустық инфекция және пневмониямен ауырғандарға қатысты ақпарат таратты.

Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 27 жағдайы және 3 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 103 адам емделіп шықты, - делінген хабарламада.
1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 25 751, 295 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 5 694-ке жетті.

Сонымен қатар, ДСМ баспасөз қызметі 2 қыркүйектегі коронавирустық инфекциямен ауырғандарға қатысты ақпарат таратты.

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 6 973 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 29 бала бар. Стационарларда 3 527 науқас жатыр. 3 446 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. 6 науқас қайтыс болды, - делінген таратылған ақпаратта.

Жалпы науқастардың арасында 195 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 30 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 40 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

Өзгелердің жаңалығы