Елімізде борышкерге хабарлама жіберетін робот әзірленді

19 Қазан 2023, 15:36
669
Бөлісу:
Елімізде борышкерге хабарлама жіберетін робот әзірленді

Елімізде борышкерге хабарлама жіберетін атқарушылық құжатты автоматты түрде қозғау жөніндегі робот әзірленді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Әділет вице-министрі Бекболат Молдабеков Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Айтуынша, бұл азаматтарға борыштық жүктемені азайту үшін жасалған.

Жеке сот орындаушысы мәжбүрлеп орындаған кезде борышкерлерден негізгі борыш сомасы және өндіріп алу сомасының 3%-дан 25%-ға дейінгі мөлшерде қосымша комиссия өндіріп алады. Роботты қолдану азаматтарға сот орындаушысының қызметіне ақы төлеуге қосымша қаржылық шығындарды азайтуға мүмкіндік береді, - деп түсіндірді вице-министр.

Сонымен қатар ол бүгінгі таңда министрліктің барлық қызметі egov.kz.сайтында қолжетімді екендігіне тоқталды.

Бұл ретте оларды реинжинирингтеу және толық электрондық форматқа көшіру бойынша жұмыстар белсенді жүргізілуде. Қаңтар айында жылжымалы мүлік кепілін тіркеу бойынша қызмет автоматтандырылды. Олардың қатарында жылжымайтын мүлікке жатпайтын мүлік, айналымдағы тауарлар, ақша, мүліктік құқықтар, оның ішінде болашақ өнімге құқық қамтылған. Осындай жұмысты заңды тұлғаларды тіркеу (тіркеу, қайта тіркеу, сондай-ақ заңды тұлғалардың құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу) саласындағы қызметтер бойынша жоспарлаймыз, - деді Бекболат Молдабеков.

Өзгелердің жаңалығы