Елімізде бір тәулікте КВИ мен пневмониядан 30 адам көз жұмды

7 Шілде 2021, 09:00
1751
Бөлісу:
Елімізде бір тәулікте КВИ мен пневмониядан 30 адам көз жұмды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ДСМ коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 7 шілдедегі ақпаратты жариялады.

7 шілдедегі мәлімет бойынша, 34 189 адам коронавирус инфекциясынан (–32 876 + және 1313 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 10 708 пациент стационарда, 23 481 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:  710 адамның жағдайы ауыр,  143 пациенттің жағдайы өте ауыр,  75 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

5 шілдеде коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 27 жағдайы және 2 өлім жағдайы тіркелді. 1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 57464, 1010 өлім жағдайы тіркелді.

Елімізде бір тәулікте КВИ мен пневмониядан 30 адам көз жұмды



Өзгелердің жаңалығы