Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 22 мамырда "Алтыналмас АК" АҚ Қарағанды облысындағы "Ақтоғай" жобасында орналасқан жаңа "Долинное" алтын шығару фабрикасын іске қосу-жөндеу жұмыстарын бастады.
Ондағы мақсат - өндірісті апатсыз және қауіпсіз іске қосу және оның жұмысын бастау, сондай-ақ өндірісті жобалық көрсеткіштерге жеткізу.
Фабриканың өндірістік қуаты - жылына 2 500 000 тонна кен шығару. "Долинное" кен орнындағы кенді өңдеудің технологиялық схемасына бөлшектердің көлемі 63 мкм болатын ұсақталған материалды алуды көздейтін, Қазақстан кәсіпорындарындағы көлемі жағынан үшінші ірі көлемді шар диірменінің бір сатылы ұнтақтау мен үш сатылы ұсақтауы кіреді. Руданы байыту үшін айналмалы сумен қамтылатын және Доре қорытпасының соңғы тауарлық өнімін шығаратын гравитациялық-цианид технологиясы қабылданды.
Технологиялық процестің толық циклі "SCADA" автоматтандырылған басқару жүйесінің көмегімен басқарылып, бақыланады, бұл АШФ өтпелі өнімділігін арттыруға және ресурстарды ұтымды пайдалануға мүмкіндік береді.
"Ақтоғай" өндірістік учаскесінде қазіргі уақытта 1400-ден астам адам жұмыс істейді, оның ішінде 500-ден астам мердігер ұйымдардың қызметкерлері бар. "Долинное" АШФ-ның іске қосылуы "Алтыналмас АК" АҚ-ның "Ақтоғай" өндірістік алаңының жалпы қуатын кенді өңдеу бойынша жылына 5 200 000 тоннаға дейін, тау-кен массасын өндіру бойынша жылына шамамен 50 000 000 тоннаға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. "Долинное" АШФ пайдалануға берілуімен қосымша 350-ден астам жаңа жұмыс орны ашылды – дейді мамандар.
"Долинное" АШФ "Алтыналмас АК" АҚ-ның соңғы 10 жылда салынып, іске қосылған фабрикаларының 4-шісі болды.
Жобаны Еуразиялық даму банкі қаржыландырды.