ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Азық-түлік тауарларына арналған техникалық регламенттерді бақылау басқармасының бас сарапшысы Гүлбану Есдәулетова биологиялық белсенді қоспалардың жарнамасын бақылау жұмыстары қалай жүзеге асырылатынын түсіндіріп берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
- Қазіргі уақытта кәсіпкерлік субъектілері мен жеке тұлғалар өздерінің аккаунттары, әлеуметтік желілердегі парақшалары арқылы биологиялық белсенді қоспаларды (ББҚ) белсенді түрде жарнамалайды және сатады. Мұндай қызметті жүзеге асыру заңды ма және олар шынымен де дистрибьюторлар жарнамалағандай қауіпсіз бе?
- Денсаулық сақтау министрінің 2016 жылғы 30 маусымдағы №297 бұйрығымен бекітілген «Тамаққа биологиялық активті қоспалардың айналымы қағидаларының 1-параграфының 9-тармағына сәйкес ББҚ-ны бөлшектеп сату дәріханалар, дәріхана пункттері, мамандандырылған дүкендер және сауда желісі арқылы жүзеге асырылады. Осыған байланысты дәріханалардың, дәріхана желілерінің әлеуметтік желілері арқылы олардың қауіпсіздігін растайтын құжаттар болған кезде сатуға рұқсат етіледі.
Сонымен қатар «Тағамға биологиялық белсенді қоспаларды жарнамалауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 27 қазандағы № ҚР ДСМ-160/2020 бұйрығының 2-тарауының 5-тармағына сәйкес тағамға биологиялық белсенді қоспаларды жарнамалауда мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің (МТК) нөмірі берілген күні болуға тиіс.
- ББҚ-ның қауіпсіздігін қандай құжат растайды?
- Кеден одағы комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 880 шешімімен бекітілген «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» Кеден одағы техникалық регламентінің 24-бабының 1-тармағына сәйкес Тамаққа биологиялық белсенді қоспалар (ББҚ) мамандандырылған тамақ өнімдеріне және мемлекеттік тіркеуге жатады. Сәйкестікті бағалауды (растауды) МТК құжаты растайды.
- Комитет тамаққа биологиялық белсенді қоспаларды жарнамалау туралы заңның сақталуын бақылау бойынша қандай жұмыс жүргізіп жатыр?
- «Қазақстан Республикасында тексерулерге және профилактикалық бақылауды барып жүргізуге мораторий енгізу туралы» ҚР Президентінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы №229 Жарлығына сәйкес 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, оның ішінде шағын кәсіпкерлік субъектілеріне бару арқылы тексерулер мен профилактикалық бақылау жүргізілмейді. Осыған байланысты, қазіргі уақытта комитеттің жұмысы «Жарнама туралы» ҚР Заңының талаптарын орындамайтын және МТК-сыз ББҚ-ны сатумен айналысатын жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерге ұсынымдық хаттар бере отырып, бармай профилактикалық бақылауға бағытталған. Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті әлеуметтік желілерді (Facebook, Instagram, Twitter, Youtube, Тик – « В контакте», «Одноклассники» және т. б.), интернет-ресурстарын (сайттар, сілтемелер және т.б.), БАҚ, теледидар және баспа басылымдары (газеттер, журналдар, басылымдар) күнделікті бақылау арқылы ББҚ жарнамасының таралуын бақылау бойынша жұмыс жүргізеді.
Бүгінгі күні комитет 6 964 жарнама таратушыны қамтыды. Оның ішінде 6 402-і әлеуметтік желі, интернет-ресурстар, сайттар, сілтемелер, 562 бұқаралық ақпарат құралы бар.
- ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес келмейтін биологиялық белсенді қоспаларды жарнамалаудың және сатудың алдын алу бойынша қандай шаралар қабылданып жатыр?
- Жоғарыда аталған өнімдерді МТК-сыз ББҚ алдын ала тапсырысы бойынша онлайн-сауда арқылы сататын 1 199 бейінде заңсыз жарнаманың таралуы туралы фактілер анықталды. Жоғарыда көрсетілген әлеуметтік желілер мен интернет-ресурстардың фактілерін анықтау нәтижелері бойынша сайттардың контекстінен заңсыз жарнаманы жою туралы жарнама таратушыларға 1 199 ұсыныс хат жолданды.
Бұдан басқа, «Атамекен» ҰКП филиалдарына онлайн-сауда арқылы сәйкес келмейтін өнімді өткізу фактілері бойынша 80 ақпарат жіберілді. ББҚ жарнамасын түсіндіру бойынша департаменттердің әлеуметтік желілерінің сайттарында 65 мақала, газетке 25 мақала жарияланды. Радиодан 15 рет хабар таратылды. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы бір іс қозғалды, 230 АЕК, яғни 793 500 теңге мөлшерінде айыппұл салынды. Бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді.
Сонымен қатар өткен кезеңде комитет Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне ББҚ жарнамасы туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтау бойынша жіберілген ұсынымдарды орындамайтын контенттерді, сайттарды жою үшін 13 материал жіберді.
- Сұхбаттасқаныңыз үшін алғысымды білдіремін!