Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Елімізде жүргізуші куәлігін беру мен көлікті тіркеу уақытша тоқтатылды

13 Наурыз 2019, 12:52
3464
Бөлісу:

Астана, BAQ.KZ. Автокөліктерді тіркеу мен жүргізуші куәлігін беру қызметі техникалық ақауларға байланысты уақытша тоқтатылды. Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитеті хабарлады. 

"Техникалық ақауларға байланысты мамандандырылған ХҚКО мен әкімшілік полицияның тіркеу-емтихан бөлімшелерінде көлік құралын тіркеу және жүргізуші куәлігін беру бойынша қызметтер уақытша тоқтатылды", - деді комитеттегілер.

Ведомство өкілдері осы қолайсыздық үшін қазақстандықтардан кешірім сұрады.

Өзгелердің жаңалығы