Энергетика министрлігі "Ашық НҚА" порталында Қазақстанда бензин мен дизельді сату бойынша шекті баға қою жөніндегі бұйрыққа өзгеріс енгізу туралы бұйрық жобасын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген стационарлық авто жанар-жағар май құю станциялары үшін бөлшек саудада өткізілетін мұнай өнімдеріне шекті бағаларды белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 19 мамырдағы № 361 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11165 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін, - делінген бұйрықта.
Бұйрық бойынша:
Аи-80 маркалы бензин – 1 литр үшін 89 теңге;
Аи-92 және Аи-93 маркалы бензин – 1 литр үшін 205 теңге;
Дизель отыны (жазғы, маусымаралық) – 1 литр үшін 295 теңге көлімінен асырмау ұсынылды.
Министрлік бұйрық жобасын 28 ақпанға дейін қоғамдық талқылауда болатынын мәлімдеді.