Елімізде теміржол көлігімен бензин, дизель отынын және жекелеген мұнай өнімдерін шекарадан асыруға тыйым салынды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі тиісті бұйрыққа сілтеме жасап.
Қазақстан Республикасының аумағынан, оның ішінде ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерге бензинді, дизель отынын және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін автомобильмен тасымалдауға тыйым салу енгізілсін, - делінген бұйрық мәтінінде.
Тыйым қолданылмайтын жағдайлар:
Майлау материалдарын шығаруға рұқсат етіледі.
Көлік құралдарының зауыттық жанармай бактарындағы отын экспорттауға шектеу қойылмайды.
Ғылыми зерттеулер және қоспаларды сынау мақсатында авиациялық отын шығаруға рұқсат беріледі, бірақ ол тиісті уәкілетті органдармен келісілген жағдайда ғана мүмкін болады.
Бұдан басқа, мыналарды қоспағанда, мұнай өнімдерін теміржол көлігімен әкетуге тыйым салынады:
2025 жылғы 1 ақпаннан бастап 2025 жылғы 29 наурызға дейінгі кезеңге табиғи зілзалалар, авариялар немесе зілзалалардың зардаптарын жоюға көрсетілетін гуманитарлық көмекті және/немесе көмекті көрсету шеңберінде мұнай өнімдері.
Бұйрық 2025 жылдың 29 қаңтарында күшіне енді.
Энергетика министрлігі бұл шаралар елдің ішкі нарығында жанар-жағармай тапшылығын болдырмау үшін қабылданғанын түсіндірді.