Елімізде «Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқу басталды
Елімізде «Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқу басталды
<p>
</p>
<h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негізін үйрету курсының бірінші легі басталды.</h4>
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негізін үйрету курсының бірінші легі басталды.
Қазақстан бойынша курсқа қатысу үшін 10 733 адамның өтініші қабылданды. Олардың ең көбі Түркістан облысында – 1317 адам және Жамбыл облысында – 1295 адам тіркелді. Бүгін сағат 12.00-дегі жағдай бойынша 6500 адам тестілеуге қатысты.
Тіркеуден өткен үміткерлердің бәрі оқуға қатысу туралы sms-хабарлама алды. Содан кейін https://atameken.co сайтында тестілеуден соң оларға 12 модульден тұратын бейне сабақтар ұсынылады. Олардың арасында табысты кәсіпкердің ойлауы мен дағдылары, бизнес-идеяны таңдау, бизнес-жоспарлау, маркетингтік зерттеу, қаржылық сауаттылық, бизнесті құқықтық сүйемелдеу, салық салу және тағы басқа тақырыптар қамтылады.
Жобаны іске асыру үшін 133 бизнес-тренер және 224 кеңесші жұмылдырылды.
Оқу барысында соңғы тестілеуден өтерде тыңдаушы 12 балл (60%-дан жоғары) жинаса, оған бизнес-жоспар конструкторы ашылады. Бизнес-жоспар балдық жүйемен бағаланады. 18 балл жиналса (60%-дан жоғары) оқуға қатысушы «Оқу аяқталғаны туралы сертификат» алады. Егер қатысушы тестілеу бойынша шекті балды жинай алмаса, ол тестілеуден қайтадан өте алады. Мұндай мүмкіндік үш рет беріледі.
Оқуды сәтті аяқтаған тыңдаушылар мемлекеттен 200 АЕК көлемінде грант алу байқауына қатысуға мүмкіндік беретін сертификат алады. Сондай-ақ 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» ЖММК аясында өз жобаларын 6% жеңілдікті мөлшерлеме бойынша қаржыландыру мүмкіндігі бар.
Еске салайық, Жұмыспен қамту орталығы беретін жолдама 30 күнтізбелік күнге жарамды. Демек алғашқы лекке үлгермеген үміткерлер келесі лекке жазылуға мүмкіндік алады. Екінші лекке тіркеу 17 мамырда ашылады және 24 мамырдан бастап оқу басталады. Үшінші лекке 14 маусымнан бастап өтінімдерді тіркеу, 12 шілдеден бастап төртінші лекке, 9 тамыз бен 6 қыркүйектен бастап сәйкесінше бесінші және алтыншы лектерге тіркеу басталады. Оқу кестесі өңірлік палаталардың барлық сайтында және Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарында орналастырылған. Сондай-ақ тыңдаушылар үшін 1432 call-орталығы жұмыс істейді. Биыл еліміз бойынша 30 000 адамды оқыту жоспарланған.
Қазақастан бойынша «Бастау Бизнес» жобасының бірінші легіне қабылданған өтініш саны
Ақмола облысы
508
Ақтөбе облысы
619
Алматы облысы
839
Атырау облысы
291
Шығыс Қазақстан облысы
880
Алматы қаласы
871
Нұр-Сұлтан қаласы
494
Шымкент қаласы
484
Жамбыл облысы
1304
Батыс Қазақстан облысы
421
Қарағанды облысы
498
Қостанай облысы
488
Қызылорда облысы
662
Маңғыстау облысы
234
Павлодар облысы
412
Солтүстік Қазақстан облысы
396
Түркістан облысы
1332
Жалпы
10733
Айта кетейік, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2017 жылдан бастап халықты кәсіпкерлік дағдыларға оқытуға, сондай-ақ олардың бизнес-жобаларын сүйемелдеуге бағытталған «Бастау Бизнес» жобасын іске асыып келе жатыр.
2017-2020 жылдар аралығында «Бастау Бизнес» жобасы бойынша 151 мың тыңдаушы кәсіпкерлік негіздерін оқыды, оның ішінде 4 жылда 44 мың жоба (29%) іске қосылды. Оның 60%-ы ауыл шаруашылығы саласында. Қалған бөлігі – сервис, сауда және т.б. Алайда ауылда ашылған жобалардың көбі (шамамен 80%) АӨК саласында – мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығында іске асырылады.