Елімізде балалардың құқықтарын қорғау саласында жаңа институт ашылады

12 Қаңтар 2023, 21:29
1175
Бөлісу:
Елімізде балалардың құқықтарын қорғау саласында жаңа институт ашылады

Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова министрліктің кеңейтілген алқа отырысында психологиялық қызметтердің дамуы жайлы айтты, - деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Министрлік психологиялық қызметінің жаңа ережелерін ескере отырып, педагог-психологтардың біліктілік талаптары және толтыруға міндетті нысандарды қысқарту бойынша бұйрықтардың жобаларын әзірледі. Біз мектептердің психологиялық қызметтерінің автоматтандырылған жүйесін іске қосамыз, - деп айтты Оқу-ағарту министрлігінің өкілі.

Сөзінше алғаш рет комитеттің қарамағында «Өркен» балалардың әл-ауқатының ұлттық ғылыми-практикалық институты пайда болады.

Ол балалардың құқықтарын қорғау саласында ғылыми-әдістемелік қолдауды жүзеге асырады. Барлық жоспарланған шара ыңғайлы, қауіпсіз және балаға қолайлы ортаға әкелетініне сенімдімін, - деп айтты ол министрліктің кеңейтілген алқа отырысында.

Өзгелердің жаңалығы