Елімізде азаматтығы жоқ 9 мыңдай адам тіркелді

18 Шілде 2022, 12:23
1283
Бөлісу:
Елімізде азаматтығы жоқ 9 мыңдай адам тіркелді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елімізде азаматтығы жоқ адамдарды анықтау, тіркеу және құжаттандыру бойынша өткізілген акцияның қорытындысы жарияланды.

ІІМ-нің ақпараттық алаңында өткен брифингте БҰҰ БЖКБ, бағдарламалық мәселелер жөніндегі кеңесші, Қазақстандағы ұлттық кеңсенің басшысы Ирина Билялова аталған акцияның қорытындысын жариялады.

Оның айтуынша, БҰҰ-ның босқындар істері жөніндегі агенттігі, Ішкі істер министрлігі және басқа да үкіметтік серіктестермен Қазақстандағы азаматтығы жоқ мәселелерді шешу бойынша бірлескен бастамаларды ынытмақтастықта әрі қарай жалғастыруға дайын.

2014 жылы мемлекет  БҰҰ-ның босқындар істері жөніндегі сол кездегі жоғарғы комиссары Анене, БҰҰ бас хатшысы  Антониу Гутерришпен бірлесіп жаһандық #IBelong компаниясын іске қосты. Соны іске қосқалы Қазақстан азаматтығы жоқ адамдардың мәселесін шешу бойынша айтарлықтай нәтижеге қол жеткізген.

ҚР Әділет министрлігінің мәліметінше, 2019 жылдың соңынан бері ата-анасының жеке басын куәландыратын құжаты жоқ 1500 бала тіркелген.  Мәселен, ата-анасының құқықтық мәртебесіне қарамастан медициналық ұйымдарда өмірге келген балаларды тіркеуге ала бастады, оған қоса азаматтығы жоқтығын анықтаудың ұлттық тетігі енгізілді.  Азаматтығы жоқ адамдарды анықтау және құжаттандыру бойынша жалпыұлттық науқан барысында азаматтығы жоқ 9 мыңдай тіркелді. Азаматтығы жоқтарды анықтау жөніндегі компанияның сапасын арттыру мен оны халықаралық стандарттарға сәйкестердіру бойынша министрлікпен тығыз ынтымақтастықтамыз,-деді  Ирина Билялова.

Адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстандық Халықаралық бюро директорының орынбасары Денис Дживага  еліміздегі азаматтығы жоқ адамдарды анықтауда мемлекеттік мен халықаралық ұйымдардың бірлесе жұмыс істеуі үлкен нәтиже бергенін атап өтті.

Аталған акция Мемлекеттік органдар мен халықаралық ұйымдардың және ҮЕҰ-дің бірлесе жұмыс істеуі арқылы азаматтардың құқығын қорғауда тиімді болатынын көрсетті. Бұл акция екі жыл арасында өтті және коронавирус пандемиясмына қарамастан жүргіздік. Үкіметтік емес ұйымдардың заңгерлері, ҚР ІІМ, «Сана Сезім» Қоғамдық бірлестігі адам құқытары жөнінде бірнеше біріккен брифинг өткізді. Оған қоса Қазақстанның 14 аймағында азаматтығы жоқтарды қабылдады. ҮЕҰ заңгерлері 518 адамның азаматтығын анықтады, тағы 490 іс аяқталу сатысында,-деді Дживага.

Сонымен қатар ол акция аяқталса да ІІМ және өзге де ұйымдармен адам құқығы жөніндегі жұмыстар жалғасын табады деген сенімде.
 

Өзгелердің жаңалығы