Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2022 жылғы қаңтар-қазан аралығында былғарыдан жасалған аяқкиім өндірісінің көлемі 856,9 мың жұпты құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,5%-ға артық, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Осы жылдың қаңтар-қыркүйегі аралығында 1 117,8 мың жұп аяқкиім шығарылса, 28 284,6 мың жұбы импортталды. Осылайша сырттан әкелінген аяқкиімнің үлесі 96,2% құрады.
Қазан айында бәтеңке, туфли және басқа аяқкиімнің бағасы өткен жылдың қазан айымен салыстырғанда 16,6%-ға қымбаттады.