Отандық өнеркәсіпті дамыту мақсатында Қазақстанда бірқатар арнайы экономикалық аймақтар жұмыс істейді. Соның бірі «Оңтүстік» АЭА, оның аумағы 200 гектарды құрайды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
«Оңтүстік» кәсіпорнында дайын тоқыма, трикотаж бұйымдарын, жібек маталар мен бұйымдарды, тоқылмаған трикотаж материалдары және олардан жасалған бұйымдарды, кілемдерді, кілемді бұйымдар мен гобелендерді, мақта целлюлозасын және оның туындыларын, мақта шикізатынан сапалы қағаз, сондай-ақ былғарыдан жасалған бұйымдар өндірумен айналысатын кәсіпорындар бар.
Сондай-ақ АЭА-да өндіріс үнемі кеңейіп, жаңа кәсіпорындар ашылуда. Мәселен, «Nappa.kz» ЖШС аяқ киім шығару жобасын жүзеге асыруда. Компания 2023 жылы АЭА қатысушысы ретінде тіркелген. Өндірісті іске қосу 2024 жылдың соңына дейін жоспарланған.
Жобаға тартылған инвестиция көлемі 59 жұмыс орнын құрумен 400 млн теңгені құрайды. Фабриканың өндірістік қуаты жылына 200 мың жұпты құрайды.
Бүгінгі таңда өндірістік нысанның құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды. Технологиялық жабдықтарды орнату жұмыстары жүргізілуде.