Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Елімізде ата-аналарға реанимациядағы балаларымен бірге болуға рұқсат етілмек

15 Ақпан 2025, 17:15
1053
Бөлісу:
 Бауыржан ЖУАСБАЕВ  - архив
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ - архив

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, бұл «ашық реанимация» қағидаты деп аталады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Яғни, анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде балалардың тәулік бойы заңды өкілдерімен бірге болуын ұйымдастыру.

Ведомствоның айтуынша, бұл балаларға анестезиологиялық және реаниматологиялық көмек көрсетуді жақсартуға ықпал етеді.

Тиісті бұйрық жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланды.  

Өзгелердің жаңалығы