Елімізде ат шабыс маусымы басталды

2 Мамыр 2024, 10:18
442
Бөлісу:
Елімізде ат шабыс маусымы басталды
PHOTO
Фото: Ultsport-kz. М. Тажкуранов

Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт қауымдастығының қолдауымен Qazaq Jockey Club Алматы қаласындағы ипподромда биылғы жылдың алғашқы ат шабысын өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Елімізде ат шабыс маусымы басталды

Біздің негізгі мақсатымыз – осындай дүниежүзілік ат жарыстарының құрамына кіру. Қазақ халқы мұны ұшқыр бәйге деп атайды, ал дүниежүзінде классикалық бәйге деп жатады. Бәйгеден мұның айырмашылығы - әр аттың өзінің тұқымына сәйкес қысқа қашықтыққа шабады. Мәселен, 2 жасар жылқылар маусымның ашылуында 1000 метр қашықтықтан бастап, 1600 метрге дейін шабады, - дейді Qazaq Jockey Club төрағасы Мақсат Ахаев.

Сайыс әртүрлі қашықтықта 9 түрлі ат шабыс бойынша өтті. Атап айтқанда, «Көктем» жүлдесі (ҚР туған жылқылар үшін), «Көктем» жүлдесі (ашық), «Ашық» жүлдесі (ашық), Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған «1 мамыр» жүлдесі, Гандикап жүлдесі (ҚР туған жылқылар үшін), Жасөспірімдерге арналған жүлде (ҚР туған жылқылармен), Гандикап жүлдесі (ашық), Талғат Бигелдинов атындағы жүлде (ҚР туған жылқылар үшін), «Кіріс» жүлдесі.

Елімізде ат шабыс маусымы басталды

Аталған 9 түрлі ат шабыс 1000, 1200, 1600, 1800, 2000 метр қашықтықта өтті. Оған 2-4 жас аралығындағы Қазақстанның 70 ең үздік сәйгүлігі қатысты.

Елімізде ат шабыс маусымы басталды

1000 метр қашықтықта жеңімпаз атанған Мэрайя атты жылқының бапкері Рамазан Амангелді өзі баптаған сәйгүліктің үмітін ақтағанын айтты.

Елімізде ат шабыс маусымы басталды

Елімізде ұшқыр бәйгеге деген қызығушылық жылдан-жылға артып келе жатқаны қуантады. Бүгінгі ат жарысқа қосқан жылқымыз Мэрайя - Қазақстанда туған ат, - дейді атбегі.

Елімізде ат шабыс маусымы басталды

Еске сала кетейік, бүгінгі ат жарысынан түскен барлық қаражат су тасқынынан зардап шеккендерге жіберіледі.

Елімізде ат шабыс маусымы басталды
Өзгелердің жаңалығы