Елімізде әскери полицияға «қызметкер» ұғымы қолданылмайды

14 Желтоқсан 2022, 10:27
1109
Бөлісу:
Елімізде әскери полицияға «қызметкер» ұғымы қолданылмайды

Мәжілістің жалпы отырысында Қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Қамалетдинов «Әскери полиция органдары туралы» заң жобасын бірінші оқылымда таныстырды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Заң жобасында әскери полицияның міндеті, құзыреті, құрылымы, өкілеттігі, өзара іс-қимыл жасауы өзгертіліп, функциясы заңмен бекітіледі.

Әскери полиция органының әлеуетті ведомствоға қатысы, бағыну тәртібі, олардың өзара және басқа да меморганмен іс-қимыл жасау тәртібі реттеледі. Бірдей қолданып, түсіну үшін «қызметкер» ұғымы «әскери қызметші» ұғымымен ауыстырылады. Әскери полиция органының «саяси партиядан дербес болу» қағидаты енгізіледі, - деп айтты вице-министр. 

Қаруды, арнайы құралды, адам күшін қолдану реттеледі. Сонымен қатар «Қылмыстық процестік кодекске әскери қызмет туралы», «Қорғаныс және қарулы күштері туралы», «Құқық бұзу профилактикасы туралы», «Адамдарды арнайы мекемеде, әуежайда ұстау тәртібі» туралы заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.

Заң жобасында Қылмыстық процестік кодекске редакциялық өзгеріс енгізіліп, төтенше жағдай әскери қызметшісінің тергеуде болуы туралы нормамен толықтырылады, - деп түсіндірді Сұлтан Қамалетдинов Мәжілісте.

Өзгелердің жаңалығы