Елімізде арнайы салық режимі қолданылатын қызмет түрлері артты

4 Қаңтар 2024, 17:03
780
Бөлісу:
Елімізде арнайы салық режимі қолданылатын қызмет түрлері артты
Фото: Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

2024 жылдан бастап бөлшек салықтың арнайы салық режимін қолдануға рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізбесі кеңейтілді. Бұрын бұл тізбеде 190 қызмет түрі болса, енді оның саны 364-ке жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Аталған өзгеріс биылғы 15 қаңтардан бастап қолданылады.

Осыған байланысты, бөлшек салық режиміне ауысқысы келетін салық төлеушілер 2024 жылғы қаңтарда қолданылатын режим туралы хабарламаны ұсынуы қажет. Бұл хабарламаны «e-Salyq Business» мобильді қосымшасы арқылы беруге болады.

Режимді қолданудың басталатын күні осындай хабарлама берілген айдан кейінгі айдың бірінші күні болып табылады.Бұл ретте 2023 жылдың және 2024 жылдың қаңтар айының қорытындысы бойынша кәсіпкер бұрын қолданған салық режимі бойынша декларацияны тапсыруы тиіс, - деді Мемлекеттік кірістер комитеті.

Өзгелердің жаңалығы