2023 жылдың соңына қарай арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдардың саны 2022 жылмен салыстырғанда 10 бірлікке көбейіп, 291 құрады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ұлттық статистика бюросының мәлімдеуінше, олардың ішінде: 173 – стационарлы түрдегі 80 – жартылай стационарлы түрдегі 34 – уақытша болу ұйымдары 4 – арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсетудің бірнеше шарттары бар ұйымдар Ұйымдардың ең көп саны Шығыс Қазақстанда – 31, одан кейін Қарағанды (28) және Қостанай (21) облыстарында тіркелген.
Ең азы Ұлытау облысында – 3. 2023 жылдың қорытындысы бойынша бұл ұйымдарда тұрып жатқан адамдардың саны 41 703 адамды құрады, оның ішінде жасы бойынша зейнеткерлер – 14 201 адам (34,1%), Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері – 12 адам (0,03%).
Негізгі контингент – мүмкіндігі шектеулі жандар. Олардың саны 25 496 адамды немесе қызмет көрсетілгендердің жалпы санының 61,1% құрады.
Айта кетейік, 256 мекеме мемлекеттік меншікте, 32 – жеке меншік, 3 мекеме шетел меншігінде.
Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдарға қарттар мен мүгедектер үйлері, психоневрологиялық мекемелер, оңалту және әлеуметтік бейімдеу орталықтары және тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар жатады.