Елімізде алимент төлемей жүргендердің ішінде әйелдер де бар - министр

29 Қыркүйек 2023, 15:21
1914
Бөлісу:
Елімізде алимент төлемей жүргендердің ішінде әйелдер де бар - министр
Фото: Артём Чурсинов - архив

Елімізде 6 мыңдай әйел алимент төлемей жүр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Әділет министрі Азамат Есқараев Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Айтуынша, елде алиментті өндіріп алу мәселесі – өте күрделі.

Әділет министрі Азамат Есқараев алиментті өндіріп алу мәселесі өте күрделі екенін жеткізді.

Алимент төлемеу мәселесі бар. Ол көптеген қиындыққа әкеп соғады. Алимент төлемеу салдарынан бала-шаға тиісті деңгейде қамтамасыз етілмейді. Олардың жағдайы нашар, уақытында тамағы болмайды, киімі бүтін емес. Осылайша, әлеуметтік мәселе туындайды, - деп атап өтті ведомство басшысы.

Сонымен қатар ол 6 мың адам алимент төлемей жүргенін мысалға келтірді.

Қазір өндірісте 303 мың іс қаралуда. Оның ішінде 13 316 іс бойынша мәселе шешілмей, қиындық туып жатыр. 6072 адам нақты алимент төлемей жүр. Бүгінде 7 219 борышкерге шетелге шығуға тыйым салынған. Қазір жалпы алимент бойынша қарыз – 7 млрд теңге, - деді басшы.

Сондай-ақ алиментті көбінесе кімдер төлемейтініне тоқталды.

Біз мәселені гендерге бөлмейміз. Біз мәселеге «борышкерсің бе, қарызың бар ма?» деп қараймыз. Оның тегіне, ұлтына, нәсіліне, жынысына қарамаймыз. Әрине, (олардың ішінде – ред.) әйелдер де бар шығар, - деді Азамат Есқараев.

Өзгелердің жаңалығы