Елімізде алғаш рет жаңа туған сәбидің асқазанына ота жасады

28 Сәуір 2023, 21:35
1052
Бөлісу:
Елімізде алғаш рет жаңа туған сәбидің асқазанына ота жасады
PHOTO
Фото: Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы

Педиатрия орталығының хирургтары жаңа туған сәбиге бір мезетте туа біткен бірнеше кистозды ісіктерді алып тастау бойынша күрделі ота жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының мамандары туа біткен ас қорыту жүйесінің өте сирек кездесетін патологиясымен дүниеге келген нәрестеге бір мезетте бірнеше күрделі ота жасап, бірнеше кистозды ісікті алып, жаңа туған нәрестенің өмірін аман алып қалды.

Жаңа туған сәбиде өңеш пен асқазан-ішек жолдарының екі еселенуі өте сирек кездесетін жағдай. Сәбиге өте күрделі симультандық (бір мезетте) қайта-қалпына келтіру отасы жасалынды. Бұл операция Қазақстанда жаңа туған нәрестеге алғаш рет жасалды.

Өңештен дамып қосарланған үлкен киста, бүкіл сол жақ кеуде қуысында орналасып, сол жақ өкпені қысылуына және нәрестенің туылғаннан бастап тыныс алу жеткіліксіздігіне әкелді. Сондай-ақ, іш қуысында кистозды үлкен ісіктер (түзілімдер) болды. Соның салдарынан баланың іші ұлғайып, іш қуысында қысымның жоғарылауын тудырды, ол өз кезегінде ішектің жұмысы мен нәжістің шығуының бұзылыстарына әкелді.

Елімізде алғаш рет жаңа туған сәбидің асқазанына ота жасады

Дүниеге келгеніне екі күн болған нәресте Талғар қаласы аудандық перезентханасынан ауыр жағдайда Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығына әкелінді. Баладағы туа біткен ақау ана құрсағында ультрадыбыстық зерттеу арқылы анықталған. 

Компьютерлік томография негізінде алдын-ала қойылған диагноз: Асқазан-ішек жолдарының аралас қосарлануы, торакоабдоминалды түрі. Өңештің кистозды қосарлануы, аш ішектің кистозды және түтікті қосарлануы.

Елімізде алғаш рет жаңа туған сәбидің асқазанына ота жасады

Бес күн ішінде нәрестенің жағдайын қалпына келтіру шаралары жүргізілді. Баланың өміріне қауіп төнгендіктен операция шұғыл түрде жасалды. Жаңа туған нәрестеге бір мезетте екі ота жасауға тура келді: сол жақтағы торакотомия, өңештің қосарланған бөлігін алып тастау және лапаротомия, он екі елі ішектің қосарлануын алу мен аш ішектің түтікті қосарланған аймағының резекциясы және ащы ішектің бір-біріне анастомоз арқылы қалыптастыру операциясы бір мезгілде жасалды.

Елімізде алғаш рет жаңа туған сәбидің асқазанына ота жасады

Күрделі ота жалпы 4 сағаттан астам уақытқа созылды. Операцияны Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының білікті дәрігерлері, өз ісінің тәжірибелі мамандары жасады. Атап айтқанда, Басқарма Төрағасының клиникалық қызметтер жөніндегі орынбасары, ҚР ДСМ-нің штаттан тыс Бас неонаталды (нәрестелер) хирургы, асс.профессор Асылжан Ерекешов, Жаңа туған нәрестелерге арналған жан сақтау бөлімінің меңгерушісі Нұрсұлтан Құрбанбеков, нәрестелер хирургы Кәукенбаева Гүлмира Төлепбекқызы қолдарынан келген бар мүмкіндікті жасап, кішкентай нәрестені ажал аузынан алып қалды. 

Елімізде алғаш рет жаңа туған сәбидің асқазанына ота жасады



Отадан кейінгі 17-ші күні Даниал есімді кішкентай пациент үйіне аман-есен шығарылды.

Өзгелердің жаңалығы