Алматыда тұңғыш рет оқушылар арасында (U-15, U-17) тоғызқұмалақтан әлем чемпионаты өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Төрт күндік сайыс қорытындысында «рапид» және «блиц» бойынша ең мықтылар анықталды. Нәтижесінде Қазақстан командасы сегіз алтын медальмен жалпыкомандалық есепте бірінші орынға ие болды.
Оқушылар арасындағы әлем біріншілігіне 17 елден 200-ден астам спортшы қатысты: Чехия, Моңғолия, Түркия, Бангладеш, Испания, Колумбия, Пәкістан, Венгрия, Өзбекстан және т.б. Жарыстың жалпы жүлдеқоры 8 миллион теңгені құрады.
Әлем чемпионатының қорытындысында «рапид» бойынша жеңімпаз болғандар:
U-15 Ұлдар
1. Махмұтжан Әзімхан (Қазақстан);
2. Лес Зауытбек (Қазақстан);
3. Нурел Султашев (Қырғызстан);
3. Орландо Гвидо Вергель Бенитес (Колумбия).
Қыздар
1. Айдана Молдабек (Қазақстан);
2. Бахииана Тургуналиева (Қырғызстан);
3. Еркежан Асанқұлова (Қазақстан);
3. Мадина Есқайыр (Қазақстан).
U-17 Ұлдар
1. Ернұр Батыр (Қазақстан);
2. Надир Ахметов (Қазақстан);
3. Баимбет Сейдахматов (Қырғызстан);
3. Алехандро Даниэл Хирон Чилито (Колумбия).
Қыздар
1. Аяна Исахан (Қазақстан);
2. Балнұр Тілегенова (Қазақстан);
3. Айана Турганалиева (Қырғызстан);
3. Александра Жаворонкова Амиго (Испания).