Елімізде алғаш рет EdCrunch Glocal жаһандық конференциясы өтеді

2 Желтоқсан 2021, 15:18
1004
Бөлісу:
Елімізде алғаш рет EdCrunch Glocal жаһандық конференциясы өтеді
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда 7-8 желтоқсан білім берудегі жаңа технологиялар бойынша әлемдегі ең ірі конференциялардың бірі EdCrunch Glocal өтеді.

8 жыл бұрын құрылған конференция ел тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу қарсаңында Қазақстанда алғаш рет өтпек. Іс-шараға Мәскеу, Тель-Авив пен Сингапурдегі жергілікті онлайн-студиялардың спикерлері қосылады.

Биылғы конференцияның басты тақырыбы – «Жаңа білім беру тәжірибесін жобалау» (Learning experience design). 25 елден келген 400-ден астам спикер 150 сараптамалық сессия, панельдік пікірталас және шеберлік сыныптарын өткізеді.

Конференция қатысушылары мектеп жасына дейінгі балаларға арналған ерте даму әдістемесін қалай таңдау керек, олардың алуан түрлілігінде қалай шатасып кетпеуге болады; сандық технологияларды бағындыру жолдары мен гаджеттерді балалар қабілеттерінің акселераторына айналдыру; EdTech компанияларының сапаны жоғалтпастан бизнесті масштабтауы; мектеп жасына дейінгі балалардан бастап, үздіксіз білім деңгейіне дейінгі жобаларға инвестиция тарту және оларды әртүрлі білім беру жүйелеріне тиімді енгізу жолдары; дауыстық көмекшілерден бастап, жасанды интеллектке дейінгі білім берудегі жаңа технологиялардың әлеуеті; постковидтік кезеңдегі мектеп білімінің революциялық форматтары; нейробиологияны максималды тиімділіктің негізі ретінде қарастыру; медиа, ойын-сауық, спорт салаларындағы білім беру кеңестері мен EdTech-тегі жаһандық және жергілікті трендтер.

Спикерлер тізімінде әлемге танымал тұлғалар бар, олардың қатарында: «Табысты адамды қалай тәрбиелеу керек» әлемдік бестселлерінің авторы, Google кеңесшісі Эстер Войджицки, «Миға ғашық болған қыз» бестселлерінің авторы, әлемге әйгілі нейробиолог Венди Сузуки, Гарвард университеті жанындағы инновациялық білім беру бағдарламалары орталығының ғылыми қызметкері, «Инноваторларды жасау: әлемді өзгертетін жастарды қалай тәрбиелеу керек» бестселлерінің авторы Тони Вагнер, LX Design пионері, «білім беру тәжірибесін жобалау» терминінің авторы Нилс Флор.

EdCrunch Glocal шарасының ұйымдастырушылары: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен Алматы қаласының әкімдігі, Назарбаев Зияткерлік мектептері. Бас серіктестер – «Altyn Qyran Foundation» Қоғамдық қоры, «Алматыкітап баспасы», «Сәби» Қайырымдылық қоры және Eurasian Resources Group (ERG).

Өзгелердің жаңалығы