Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауын жариялады. С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің экономика PhD доктаранты Үкібай Нұрпейісов Мемлекет басшысының жолдауына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Президенттің Жолдауын тыңдадық. Ең маңызды тақырыптардың бірі - елді мекендерді дамыту, егістіктерді көбейту. Президентіміз кейбір егістіктер қағаз жүзінде ғана бар екенін атап өтті. Субсидия меселесін банктерге өткізбек. Менің жеке пікірім - Қазақстанда агробанктерді іске қосу қажет. Сол кезде шаруалардың жауапкершілігі артады. Ауыл-аймақтарда шаруа қожалықтары халықты жұмыспен қамтып, тұрмыс-тіршілігі артады. Ауыл шаруашылығы - Қазақстанның қазынасы. Менің ойымша, жеке банктерге агробанкті қосатын болса, соңғы 5 жылда ауылдан шыққан өнімдер көбейеді. Президент “Ауыл аманаты” бағдарламасының жұмыстарында атап өтті. Бізде тағы да ауылға бағытталған бағдарламалар бар. Соның бірі - “Бір ауыл - бір өнім” деген бағдарлама жүзеге асайын деп жатыр. Егер осы жоба агробанк арқылы дамитын болса, бір ауылда шағын брендтер пайда болады деген сенімдеміз, - деді экономика PhD докторанты Үкібай Нұрпейісов.