Елімізде адам ағзасындағы радиация көлеміне қарай әлеуметтік көмек берілмек

26 Маусым 2024, 11:55
318
Бөлісу:
Елімізде адам ағзасындағы радиация көлеміне қарай әлеуметтік көмек берілмек
Фото: BAQ.KZ - архив

2025 жылға қарай әр азаматтың организміндегі радиациялық дозаға қарай әлеуметтік және медициналық көмек қайта қаралмақ, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жақында Парламенттің бірлескен отырысында Конституциялық соттың төрағасы Эльвира Азимова Семей ядролық полигонынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау шараларын қабылдау қажетін атап өтті. Ұсыныс енгізді. Бұл туралы депутаттық сауал да жолдағанбыз. Үкімет депутаттық сауал ерекше бақылауда ол мүдделі мемлекеттік органдармен қарастырылады деген. Осы мәселе қалай және қашан шешіледі? – деп сұрады Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильянов.

Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова бұл мәселе бойынша Денсаулық министрлігі ғылыми зерттеу жүргізіп жатқанын атап өтті.

Бұл проблеманы өзіңізбен бірге бірнеше жылдан бері талқылап жүрміз. Сондықтан мұнда 2 мәселе қаралды. Территориядағы радиацияның дозасын анықтаймыз ба немесе азаматтардың организміндегі радиациялық дозаны анықтаймыз ба? Сонымен 2 мәселеге келіп тоқталдық. Қазір Денсаулық сақтау министрлігі осы бойынша үлкен ғылыми зерттеу жұмысын 2025 жылы аяқтайын деп отыр. Сондай-ақ Семейдегі медициналық университетпен бірге өңірдегі азаматтардың базасы бар. Сонымен жұмыс істеп жатыр. Біз 2025 жылға қарай әр азаматтың организміндегі радиациялық дозаға қарай әлеуметтік және медициналық көмекті қайта қараймыз, - деп айтты Дүйсенова.

Өзгелердің жаңалығы