Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда жасөспірімдерді, жүкті әйелдерді және бала емізетін аналарды коронавирусқа қарсы «Pfizer» вакцинасымен егу жалғасып жатыр.
15 шілдеге дейінгі мәліметке сәйкес, «Pfizer» препаратының І дозасын 1 229 491 адам, ІІ дозасын 1 166 565 адам салдырды.
Оның ішінде, І компонентімен:
- жасөспірімдер – 868 567,
- жүкті әйелдер – 41 262,
- бала емізетін әйелдер –145 034.
ІІ компонентімен:
- жасөспірімдер – 845 542,
- жүкті әйелдер – 38 722,
- бала емізетін әйелдер – 139 164.