Елімізде 800-ден астам ауруханалық ұйымдар медициналық көмек көрсетеді

31 Мамыр 2023, 13:14
608
Бөлісу:
Елімізде 800-ден астам ауруханалық ұйымдар медициналық көмек көрсетеді
Фото: ОКҚ

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Денсаулық сақтау вице - министрі министрі Вячеслав Дудник айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Осы жылдың 1-тоқсанындағы қорытындысы бойынша алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету ұйымына азаматтардың 30 млн астам келуі тіркелген.

Тәулік бойы жұмыс істейтін стационарларда 800 мыңға жуық адам емделді, оның 493 мыңы шұғыл, 4,5 мыңнан астамы жоғары мамандандырылған медициналық көмек алды. 257 мыңға жуық ота жасалып, 96 мыңнан астам жаңа туған нәресте дүниеге келді. Жедел медициналық көмек қызметі шамамен 1,9 млн қоңырауға қызмет көрсетті, - деді Вячеслав Дудник.

Халыққа 80 түрі бойынша жоғары мамандандырылған медициналық көмек қолжетімді.

Денсаулық сақтау саласындағы қызметті 270 мың астам медицина қызметкері, оның ішінде 79 мыңнан астам дәрігер және 190 мың орта медицина қызметкері жүзеге асырады. Қазақстанның практикалық денсаулық сақтау саласында мыңнан астам клиникалық хаттама және медициналық көмек көрсетуді ұйымдастырудың 42 стандарты қолданылады, - деді Денсаулық сақтау вице – министрі Вячеслав Дудник.

Өзгелердің жаңалығы