2023 жылдың қаңтар-тамыз айларында Қазақстанда 3 328,1 млн дана тауық жұмыртқасы өндірілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ұлттық статистика бюросының мәлімдеуінше, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,1%-ға аз (3 398,7 млн дана).
Өңірлер бөлінісінде тауық жұмыртқасының өндірісі Ақмола облысында ең жоғары – 490,8 млн данадан астам. Тізім басындағы өңірлер үштігінде Солтүстік Қазақстан (483,4 млн дана) және Қарағанды облыстары (456,4 млн дана). Айта кетейік, азық-түлік тұтыну бойынша орта есеппен жан басына шаққанда айына 17 дана жұмыртқа келеді. Он жұмыртқаның орташа бағасы - 461 тг (І санат).